Кәмшат Жолдыбаева араб тілін үйреніп жүр

19.06.2023 16:46

Ашық-шашық киінуден түбегейлі бас тартып, ұзын етек көйлек киюді әдетке айналдырды

brod.kz

Жуырда киіну стилін өзгертіп, орамал таға бастаған белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаева араб тілін үйреніп жүргенін мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz -ке сілтеме жасап.

-Қымбатты ағайын, қайырлы таң! Менде апта араб тілі сабағынан басталып жатыр. Нұр-Мүбәрак университетіне келіп отырған жайым бар. Зуль-Хиджа айы кіріп жатыр. Бұл ай тек игі амалдарға, ғибадатқа толы болсын. Жаңа апталарыңыз жаңа жеңіске, қуанышқа толы болсын, – деді Жолдыбаева желідегі парақшасында.

Instagram-да 2,9 млн жазылушысы бар Кәмшат Жолдыбаева хиджабқа толық көшпегенімен, бұрынғыдай ашық-шашық киінуден түбегейлі бас тартып, ұзын етек көйлек киюді, басына орамал тартуды әдетке айналдырды.