«120 миллион теңгеге алдаған»: Абай облысындағы колонияда бақсы жазасын өтеп жатыр

21.07.2023 16:48

Сотталушы өз әрекеті үшін өкінетінін айтты

elements.envato.com

Абай облысында орналасқан орташа қауіпсіздік колониясында жалған «бақсы» жазасын өтеп жатыр, ол өзінің танысынан «тылсым күшпен өзара байланысу» қызметі үшін қомақты ақша талап еткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

«35 жастағы әйел ірі бизнесі бар өзінің танысының сенімін асыра пайдалану арқылы оған «дәстүрлі емес қабілеттерге ие» екенін айтқан. Осылайша ол жәбірленушіге және оның отбасы мүшелеріне жындардан қорғану керек екенін жеткізген. Өзінің қызметі үшін алаяқ әйел қомақты қаржы талап еткен»,-деді Абай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Жәбірленуші өзінің танысының қылмыстық ниетіне еш күдіктенбестен, оған сеніп, ірі көлемде ақша берген.

«Сотталушының айтуынша, ол алдымен «Мамон» есімді жынды қуып шығарған, ол зұлым рух болған және адамдарды азғырған. Берілген ақшаның алғашқы сомасы жарты миллион теңгеден сәл артық болды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жәбірленуші бизнесін жүргізуге және айналасындағылардың қызғанышынан қорғану үшін 2 миллион 225 мың теңге берген. Абай облысының ҚАЖД хабарлағандай, кейін жәбірленуші бір қызмет үшін сегіз миллион теңгеге дейін ақша берген.

«Мен өз ісіме өкінемін, адамдардың сенімімен ойнап, айла-шарғы жасағаныма өте ұяламын, оларды алдағаныма өкінемін», - деді сотталушы.

Жалпы, сотталған адам 120 миллион теңгеге жуық шығын келтірді. Ол жазасын Абай облысында орналасқан колонияда өтейді.

«Колонияға келген соң осы сотталушымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол сот үкімімен тағайындалған жазасын өтейді. Алаяқ әйел орташа қауіпсіздік колониясында бес жыл мерзімге сотталды», - деді №23 мекеменің арнайы бөлімінің бастығы Светлана Голикова.

Аталған мекемеде мерзімін өтеп жатқан әйелдердің 50 пайызы «Алаяқтық» бабы бойынша сотталғандар.