Алматыда ірі жол апаты орын алды

26.09.2019 17:58

Салдарынан 7 адам зардап шеккен

Оқиға Рысқұлов даңғылы бойында болған. Куәгерлердің сөзінше, Toyota маркалы көлік батыс бағытқа қарай жүйіткіп келе жатып, қарсы бетке шығып кетеді де, неміс көлігін соққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Ол иннерциямен тағы бір машинаны іліп кеткен. Соңғысы қоғамдық көлікке барып қақтығысады. Апат салдарынан 7 адам зардап шеккен. Оның біреуі – бала. Оқиға орнына полицейлер мен бірнеше жедел-жәрдем көлігі келді. Жол апатына кінәлілер анықталып жатыр.