Алматыда сел қаупіне байланысты қауырт желі ашылды
Байланыс нөмірі тәулік бойы жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының Наурызбай ауданында болған сел қаупіне байланысты қалалық ТЖД қауырт желіні іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Селден жапа шеккендер немесе қауіп төнген адамдар 278 20 84 нөміріне хабарласа алады. Байланыс нөмірі тәулік бойы жұмыс істейді», - деді қалалық ТЖД өкілдері.
Айта кету керек, бүгін Алматыда Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрді. ТЖД өкілдері халықты құлақтандырып үлгерді.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына шұғыл аттанды.
Қалалық ТЖД өкілдері Қарғалы өзеніндегі ахуал туралы баяндады.
Мамандардың айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76 пайызы жауды
11.11.2026 21:48