Жалған дипломмен шенеунік болып кеткен 6 адам анықталды

09.04.2019 16:48

Павлодар облысында полиция мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тергеу жүргізуде

Павлодар облысының мемлекеттік қызметкерлері тарапынан жоғары білім туралы жалған құжаттарды пайдалану деректері анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері өңірде алты жалған диплом анықталған.

«Облыстық Полиция департаменті ҚР ҚК 385 бабы, 3 бөлімі бойынша тергеу бастады», – деп хабарлады мемлекеттік қызмет істерін бақылау басқармасының жетекшісі Ерлан Төлегенов