Құбылмалы ауа райына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматыда Богданович мұздығына апаратын туристік жол бойында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" мәліметіне сүйене отырып, Кіші және Үлкен Алматы өзендері бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүру қаупін ескертті.
- Алдын алу шараларын кабылдау мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ туристер мен келушілердің кіруін шектеу үшін Богданович мұздығының кіреберіс жолында «Абайлаңыз! Мұздық құлауы мүмкін!», «Абайлаңыз! Көшкін қаупі бар учаске!» (үш тілде орнатқан) ескерту тақталары қойылды, - деп хабарлады ТЖД-да.
Осыған байланысты, «Қазселденқорғау» ММ мен Алматы қаласы ТЖД туристер мен демалушыларды қарлы беткейлерге шықпауға, мұз үңгіріне кірмеуге, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырды.
Оқи отырыңыз: Алматының коммуналдық қызметі тазарту жұмыстарын жалғастыруда