Автожолдарды күтіп-ұстау үшін 373 арнайы техника және 636 жолшы жұмылды
20 қаңтар, сағат 10.00-дегі ахуал бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында 1 учаске
1. Алматы-Ташкент-Термез 159-238 км, Кенен -Қайнар (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) - 79 км.
Жетісу облысында 1 учаске
1. Үшарал-Достық 84-184 км, Көктұма ст. - Достық ст. - 100 км.
Батыс Қазақстан облысында 2 учаске
1. Орал-Тасқала-РФ гр. 4-104 км, Орал қаласы - РФ шекарасы - 100 км.
2. Самара-Шымкент 195-246 км, РФ шекарасы - Орал қаласы – 51 км.
"Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау үшін 373 арнайы техника және 636 жолшы жұмылды", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Жел, бұрқасы, көктайғақ: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы