Антикор жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертті

22.08.2024 16:49

Олар хабарласқан жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау сұралады

elements.envato.com

Антикор мессенджерлерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

- Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлын жібереді. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз, – делінген Агенттік хабарламасында.

Ведомство өкілдері осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Қостанайда 24 жастағы жігіт интернетте вирус таратқан