Ресейлік әнші әрі композитор Вилли Токарев қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik.
«Әртістің неден қайтыс болғаны хабарланған жоқ. Марқұммен қоштасу рәсімінің күні мен уақыты кейінірек белгілі болады», - деп хабарлады агенттік.
Мамыр айында БАҚ-та Токаревтің ауруханада жатқаны туралы жазылды.
Вилли Токарев деген атпен белгілі Вилен Иванович Токарев 1934 жылдың 11 қарашасында қазіргі Адыгей Республикасында дүниеге келген.
Оның арғы тегі – Кубань казактары. Ата-анасы Владимир Ильич Лениннің құрметіне Вилен деген ат қойыпты.
1974 жылы Токарев КСРО-дан АҚШ-қа қоныс аударды. 1981 жылы «В шумном балагане» альбомын шығарды.
Тоқсаныншы жылдары Токарев Ресейге оралды. Әсіресе, «Небоскребы», «Журавли», «А жизнь всегда прекрасна» әндерімен көпшілікке танымал.
Үш рет үйленген, балалары мен немерелері бар.
2013 жылы Токарев Қазақстанның елордасына арнап «Астана» әнін жазды.