Құрбан айт 2024: ел өңірлерінде қой бағасы қанша

Almaty.tv
Almaty.tv

Шариғатта құрбандыққа (қой, ешкі, сиыр, түйе) төрт түлік малды шалады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан қалалары мен аймақтарында құрбандыққа арналған мал бағасы қанша және құрбандық малын сатып алу кезінде не нәрсеге назар аударған жөн, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Құрбандыққа шалынатын малды базардан ғана емес, ғаламтор арқылы да таңдауға болады. Қойды түрлі хабарландыру сайттары арқылы сатып алуға болады немесе мамандандырылған сайттар арқылы оған тапсырыс та беруге болады. Бір қойдың бағасындағы айырмашылық тым алшақ: 35 мыңнан басталып 150 мыңға дейін барады. Жеке саудагерлер семіз қойға 120 мың теңге сұрайды.

Алматы мен Алматы облысында орташа баға – 60 мың теңге, елордада мал басына 40-50 мың теңге аралығында сұрайды. Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысында да осындай баға. Павлодар қаласы мен Павлодар облысында - 40 мыңнан 60 мың теңге аралығын қамтиды. ШҚО, Қарағанды облысы, Шымкенттегі баға - 35-тен 45 мың теңгеге дейін. Түркістан облысында, Таразда да осындай баға. Алайда мұнда аракідік қымбат баға да кездеседі: 65-70 мың теңге. Батыс Қазақстан облысында қой бағасы қымбат, мысалы Ақтауда құрбандық малының бағасы 60 мың теңгеден басталады. Айта кету керек, барлық дерлік қала мен облыстарда тірі қойды арзанырақ сатып ала аласыз, хабарландыру сайттарында көрсетілген ең төменгі баға – 35 мың теңге. Жалпы, баға малдың тұқымына, жағдайына және жасына байланысты болып келеді.

Кейбір шаруашылықтар бұл мәселеде қызметтің толық спектрін ұсынады. Мысалы, сайттан жеткізу немесе "өзім алып кетемін" деген функцияны таңдай аласыз, қажетті күнді белгілей аласыз, тіпті моланың құрбандық малын шалу кезінде Құран оқығанын көрсететін видео мен суреттер есептер де ұсынылады. Сонымен қатар, сатушылар тұтынушының қалауы бойынша қой етін жіліктеп бере алады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, шариғатта құрбандыққа төрт түлік (қой, ешкі, сиыр, түйе) малды шалады. Ешкінің және қойдың жасы бір жылдан асқаны, сондай-ақ алты айдан асқан тоқты (қой секілді) ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды.

Сиырдың екі жастан асқаны, ал түйенің жасы бес жылдан асқаны құрбандыққа шалынады. Сонымен қатар сойылатын малдың кемшілік, кінәраты болмауы керек.

Оқи отырыңыз: Биыл Құрбан айт мейрамы қашан басталады

Новости партнеров