Отан қорғаушыларға жеңілдік: әскерге барғысы келетіндер енді кезек күтпейді

24.08.2023 16:50

Әскерге тіркеу электронды форматқа ауысады

Zakon.kz

Елімізде ер жігіттерді әскер қатарына тіркеу енді  электронды түрде жүргізіледі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары мәлімдеді.

Жоба 2024 жылдан бастап eGov.kz және «еGov» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді, деп жазады Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.  

Яғни, 17 жасқа толған азаматтың құжаттары және оның денсаулығы туралы мәліметтері Қарулы күштердің электронды базасына енгізіледі.

Бұл шешім әскери комиссариаттардың алдындағы ұзын-сонар кезек пен қағазбастылықтан арылу мақсатында қабылданған.

- Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу процесі автоматты түрде жасалатын болады. Негізі тіркеу процестері биыл қаңтардың басынан наурыздың соңына дейін жүргізіледі. Осындай жұмыстың арқасында біз мемлекет үшін 1 миллиардтан астам қаржысын және азаматтардың уақытын, колледж және мектеп, әкімдіктердің уақытын үнемдеп отырмыз, - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мектептер салуға 2,4 триллион теңге бөлінеді