Сел қаупі сейілді: су деңгейі 6-7 метрге дейін төмендеген

14.08.2019 16:50

Тасқын кезінде шамамен 20 мың текше метр су ағыпты

Сел қаупіне алаңдауға негіз жоқ. Қалалық Төтенше жағдай департаментінің басшысы Серік Әубәкіров таңнан бері тұрғындарды сабырға шақыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол таңертеңнен бері бөгеттегі жағдайды өз көзімен бақылап, видео-есеп беріп жатыр. Мәселен, таңғы сағат 7-ден 11 минут өткендегі жағдай бойынша, Қарғалы бөгеті қалыпты деді. Дегенмен, төтеншеліктер барлық қауіпсіздік шараларын жасап жатыр.

Ал, 7-ден 48 минут кеткенде өзендегі су деңгейі көтеріле бастаған. Төтенше жағдай департаментінің басшысы, халықты хабардар етіп үлгергенін айтады.

Серік Әубәкіровтың мәліметінше, морендік өзендегі су деңгейі 6-7 метрге төмендеген. Шамамен 20 мың текше метр су ағыпты. Айта кетейік, Қарғалы бөгетінің 1,2 миллион текше метр су қабылдауға қауқары бар.