ШҚО-да қатаң режимдегі түрмеде неке қию рәсімі онлайн өтті

17.05.2020 16:50

Қалыңдық неке қию рәсімін өткізу үшін Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметкерімен бірге келді

Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ-156/15 мекемесінде онлайн түрде неке қию рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сотталушы Р. мен оның сүйіктісі екеуі үшін ауыр жолды бірге өткізуді жөн деп тапқан. Қалыңдық неке қию рәсімін онлайн-режимде өткізу үшін Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) қызметкерімен бірге келді. Күйеу жігіт экранның арғы бетінде отырды.

Қалыңдық оның неке қию туралы куәлікке қалай қол қойғанын бақылап отырса, АХАТ қызметкері оларға: «Олар өмірді бірге өткізуге дайын ба, бұл шешім екі жақтың келісімімен қабылданған ба?» деген негізгі сұрақтарды қойды. Күйеу жігіт пен қалыңдық компьютер мониторы арқылы «иә» деп жауап берді.

Жастар бір-біріне жүзік берді, бірақ күйеу жігіт тек бостандыққа шыққан соң тағатын болады. Рәсімге сотталушының әкесі қатысып, жастарды құттықтады және қалыңдыққа гүл сыйлады.

«Жастарға отбасылық бақыт тілейміз және тезірек бір-біріне қосылып, балаларын тәрбиелеулеріне тілектеспіз», - деді ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Теги: ШҚО