Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құрбан айт мейрамы 17 маусымда дүйсенбіге келіп тұрғандықтан, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 15,16 және 17 маусым демалады.
Анықтама үшін:
Мұсылмандардың айтулы мерекелерінің бірі Құрбан айт Ораза аяқталғаннан кейін 70-ші күні келеді. Ай күнтізбесі бойынша есептеулер жыл сайын шамамен 10 күндік айырмашылықпен өзгереді. Араб тілінен аударғанда мерекенің атауы «Құрбан мейрамы» дегенді білдіреді.
Бұл күні мұсылмандар малдың бірін: қой, сиыр, қошқар немесе түйені құрбандыққа шалады.
Құрбан шалды орындаған адам отбасының берекелі өмір сүруін қамтамасыз етті деп саналады.
Мұсылмандар үшін ең маңызды күн – Құрбан айттың бірінші күні. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылып, алғашқы күні діндарлар бір-бірін құттықтап, дастарханға шақырады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады