Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Конституция күнімен құттықтады

30.08.2021 16:53

1995 жылдан бері 30 тамыз елімізде Конституция күні ретінде тойланып келеді

пресс-служба акима Алматы

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Конституция күнімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бақытжан Сағынтаев құттықтауын Алматының символына айналған «Қазақстан» қонақ үйі мен Көктөбеде орналасқан телемұнара бейнеленген суретпен жеткізді.

Тәуелсіз Қазақстанның төл Ата заңының тарихы 1993 жылдан басталады. Дәл осы жылы еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданған болатын. 1995 жылы қазір қолданып жүрген екінші Конституция қабылданды. Құжаттың жобасын әзірлеуге Қазақстанның заң саласындағы ірі тұлғалары, интеллектуал ғалымдар, аузы дуалы саясаткерлер түгел атсалысты.

1995 жылдан бері 30 тамыз елімізде Конституция күні ретінде тойланып келеді.

Ата заңымыздың 1-бабы бойынша Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең қымбат байлығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Бұл – Конституцияның өзгермейтін ең басты қағидасы.