Күдікті тергеу изоляторына қамалды
Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды. Ақпаратты елордалық травматология және ортопедиялық ғылыми зерттеу институтының өкілдері растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы, яғни «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалған. Егер оның кінәсі толық дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Сол күні күдікті ұсталып қамауға алынған. Қазіргі таңда ол қамауда. Тергеу изоляторында. Сотқа дейінгі тергеп-тергеу жалғасуда. Ұсталған кезде, жауап алған кезде ол өзінің кінәсін толығымен мойындаған болатын», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы София ҚЫЛЫШБЕКОВА.