Қазақстан мен Ресей шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмысын зерттейді. Сондай-ақ, 2025 жылға дейінгі жол картасы әзірленбек, деп хабарлайды sputnik.
Қазақстан тарапынан осы мәселеге қатысты бірнеше рет мәлімдеме жасалды.
Тараптар жүк пен жолаушылардың шекарадан өту мәселесін 7 қараша күні Омбыда өткен Қазақстан мен Ресей өңіраралық XVI форумында талқыланған болатын.
"Ресей мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалы мен жолаушылар ағыны күрт өсіп кетті. Ал бекеттер бұған дайын болмады. Біздің ортақ шекарамыз 7,5 мың шақырым", - деді Александр Стерник.
Өңіраралық форумда бұл мәселеге қатысты ортақ іс-әрекет бағдарламасына қол қойылды.
"Қазіргі уақытта тиісті ведомстволар өткізу бекеттерінің жабдықталуы мен шекаралық облыстарға қаншалықты сай келетінін зерттеп жатыр. Қорытындысы бойынша 2020-2025 жылдарға арналған іс-әрекет жоспарына ("жол картасы") қол қойылады", - деді Стерник.