Қазақстандық журналист Мұхаммед Әлидің қызынан ерекше сыйлық алды

05.02.2022 16:53
Ғacebook парақшадан

Журналист, блогер Берік Сұлтан Мұхаммед Әлидің қызы Лейла Амария Әлиден жайнамаз сыйға алды. Бұл туралы блогер Ғacebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ұшақта 17 сағат ұшу деген оңай емес. Америкаға шаршап жетіп, үйге келсем... ұйқым ашылып, шаршағаным басылып қалды. Себебі есік алдында қорапша қойып кеткен екен.  Бұл көптен бері сіздер де, мен де күткен сыйлық. Мұхаммед Әлидің қызы Лейла Әлиден жайнамаз алдым», – деп жазды журналист Берік Сұлтан.