Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновті мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Елорда әкіміне қатысты айтатын болсам, оның жүргізіп жатқан белсенді жұмысын оң бағалаймын. Қала тұрғындарымен, оның ішінде мәселесі бар аудан тұрғындарымен кездесу жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Адамдармен кездесіп біздің саясатымызды, оның ішінде елорда тұрғындары атап өтетін мәселелер мен мүмкіндіктерді түсіндіріп жүрсіз», - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. Айта кетейік, бүгін елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
Отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.