Алдағы 2 жылда 12900 орындық 8 мектеп салынатын болады – Сағынтаев

29.11.2019 16:53

Әкім 29 қазандағы жұмыс сапары барысында Президент Қ.К. Тоқаевтың мектептер мен балабақшаларда орын тапшылығын атап өтіп, берген нақты тапсырмаларының орындалып жатқанын айтты

пресс-служба акима Алматы

Қазір қала мектептеріндегі орын тапшылығы – 30 мыңға жетеді, ал балабақшалардағы орын тапшылығы – 20 мыңнан асады.

«Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты бойынша мектептер салу бағдарламасы әзірленді. Алдағы 2 жылда 12900 орынға 8 мектеп салынатын болады», – деді Б. Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, 2020 жылдың басында 790 орындық 5 балабақша, оқу жылының басында 1800 орындық 2 мектеп, мектептердің жанынан 2017 орындық 5 жапсаржай пайдалануға беріледі екен.  

Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жеке бизнес те  белсенді қатысуда.

«2020-2022 жылдары жеке инвестициялар есебінен 2240 орындық 4 мектеп, 8000 орындық 300 балабақша ашу жоспарлануда. Осылайша, 2 ауысыммен оқитын мектептердегі орын тапшылығын 30 мың орынға, балабақшалардағы кезекті 10 мың орынға азайтуға мүмкіндік туады», – деді мегаполси басшысы.