Жастар арасындағы суицид әлі де өзекті - Қалетаев

18.02.2019 17:00

Соңғы 3 жыл ішінде жастар арасындағы құқықбұзушылық санының төмендеуі байқалады

Фото Inform.kz

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев Мәжіліс үйінде жастар арасындағы құқықбұзушылық мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Соңғы 3 жыл ішінде жастар арасындағы құқықбұзушылық санының төмендеуі байқалады. 2016 жылы бұл көрсеткіш 52 135-тен 2018 жылы 47 771-ге дейін төмендеді (4364, яғни 8,4 %). Жалпы, елімізде жастар арасында суицид және суицидке бару әрекетінің саны төмендеуде. Деректерді салыстыратын болсақ, өткен жылы жастар арасындағы суицид саны 3,9 %-ке (654-тен 628-ге) төмендеген. Бірақ 628 – бұл өте үлкен көрсеткіш, сондықтан жастар арасындағы суицид мәселесі көкейкесті болып қала бермек. Алдын алу жұмыстары Білім және ғылым министрлігімен, ғылыми және қоғамдық институттармен бірлесіп жалғасатын болады», - деді Қалетаев Жастар саясатына арналған Үкімет сағатында.

Бұған дейін министр «біз жастардың жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешіп тастаған жоқпыз» деген еді.

Атап өтсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын.