Бақытжан Сағынтаев Алматының бас полицейіне ескерту жасады

18.11.2019 16:54

Алматы әкімі мегаполистегі бірнеше мобильді пункт инспекторларының кешкі уақыттағы кезекшілігін тексерген

«Қауіпсіз қала – менің жеке бақылауыма алынған басты басымдықтардың бірі». Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі бірнеше мобильді пункт инспекторларының кешкі уақыттағы кезекшілігін тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 

Қала тұрғындарының пікірінше, көңіл жай тапты, әсіресе қазіргідей қараңғы ерте түскен шақта мұның маңызы зор. Адамдар көп жиналатын жерге полицияның мобильді пункттерін орналастыру – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тағы бір пәрменді шарасы. Әзірге мұндай 22 бекет қойылса, жыл соңына дейін тағы 10 бекет салынады.

Қала тұрғындары учаскелік инспекторлардың жұмысына қолайлы жағдайдың жасалғанын байқап үлгерді. Таза әрі ашық қып жасалған пунктер жылу және санитарлық жүйемен қамтамасыз етілген. 

Сөзінің соңын Бақытжан Сағынтаев «Алматылықтардың қауіпсіздігі — біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі», - деп аяқтады.