|
04.02.2022 | 11:55
536

1,5 жастағы ұлын сатпақ болған: Шымкентте көпбалалы ана сотталды

Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды

1,5 жастағы ұлын сатпақ болған: Шымкентте көпбалалы ана сотталды ашық дереккөзден

Шымкентте 1,5 жастағы ұлын сатқан көпбалалы ана 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Otyrar.kz мәліметінше, 32 жастағы әйел өзінің 1,5 жастағы ұлын сатпақ болған. Бұл туралы ол өз танысына мәлімдеген.

Ақпаратты естіген полицейлер баланы сатып алмақ болған жұп болып сатушымен байланысқа шыққан. Көпбалалы ана сатып алушыларды баланы көру үшін үйіне шақырған.

"Айыпталушы кездесуге шақырып, үйіне алып барған. Бастапқыда 1,5 миллион теңге сұраған, кейін 1 миллион теңгеге келісті. Саудаласу барысында полицейлер ақшаны берген, ал әйел баланы дайындап, полицейлердің қолына ұстатқан. Осы сәтте ол қолға түсті. Сауда барысын полицейлер жасырын камераға түсіріп алған", – дейді Шымкент ювенальді сотының басшысы Дәурен Сайханов.

Анықталғандай, әйел ажырасқан және төрт баланы жалғыз асырап отырған. Босанған соң ол баласын жетімдер үйінде тастап кетпек болған. Бірақ мамандар райынан қайтарыпты. 1,5 жылдан кейін қаржы жетіспегендіктен өзінің кіші баласын сатпақ болған.

Бұдан бөлек тағы да бір ана өз баласын сатқан. Ерлі зайыптылар бесінші балаларын байқуатты отбасыда өмір сүргенін қалапты. Осылайша келісім бойынша сатып жіберген. Арада аз уақыт өткенде баланың биологиялық анасы баласын қайтарып алғысы келген. Бірақ асырап алған отбасы баланы қайтарудан бас тартқан. Ал анасы полицияға шағымданған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир