Такси апа: 40 жылдан бері жол ережесін бұзбаған кейуана құпиясын айтты

07.04.2023 16:55

Такси жүргі­зу­ші­сі қасиетті жұма күні жолаушыларға жеңіл­дік жасауды әдетке айналдырған

turkystan.kz

Абай облысы Аягөз ауданының тұрғыны Оразхан Манабаеваныңесімі жергілікті халыққа жақсы таныс. Бәрі оны «такси апа» деп атайды. Бір қызығы, 40 жылдан бері темір тұлпарды тізгіндеп жүрген такси жүргізушісі осы уақытқа дейін бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 

Өзінің ғана емес, мініп жүрген көлігінің де «денсаулығын» жақсы күтетін ол қазір жапондық «Toyota 35»-ті жүргізіп жүргенін айтады.

Оразхан Манабаева – әзірге өңірдегі жалғыз әйел таксиші. Жастайынан тех­никаға әуес болып өскен ол Аягөздегі автомектепте оқып, практикалық, теория­лық емтихандарды үздік бағаға тапсырған. Сөйтіп, алдымен «Запорожец» көлігін жүр­гізіпті. 76 жастағы таксиші қазір де сүйікті ісі­н­ен қол үзбеген. Таңғы жетіден жұмысқа кірі­сетін ол кешкі беске дейін аудандық ауру­ханаға келушілер мен ауруханадан шық­қан адамдарды діттеген жеріне жет­кізіп салады.

«Семей облысы Үржар ауданы Қызыл­құм деген жерде туып-өстім. Үржардағы Абай атындағы мектепте оқыдым. Содан то­ғыз жолдың торабы ғой деп, Аягөзге кө­шіп келдік. Үйде отағасымыз бар. Отас­қа­ны­­­­мызға 56 жыл болды. Үкімет құлап, қиын жылдар болды ғой. Сол кезден бастап жұмыс істеп келе жатырмын. Төрт ұл, бір қыздан 16 немере, 6 шөбере сүйіп отырмыз. Кен­же ұлымыздың қолында тұрып жатыр­мыз. Бұрын бала-шағаның қамымен жүр­сек, қазір Құдайға шүкір дейміз. Үкіметтен ала­тын азын-аулақ зейнетақыны қанағат тұта­мыз. Бірақ жасым келді деп, үйде оты­рып қалуға болмайды. Осы уақытқа дейін «Запорожец», «Жигулиден» бастап, «Ауди 80», «Ауди-80 Б4», «Фольксваген Пассат», «Тойо­та Камри» сияқты көліктерді тізгін­дедім. Қазір «Toyota 35»-ті айдап жүрмін. Өзі­ме ұнайды, жайлы. Бұл – сегізінші кө­лігім», – дейді Оразхан Манабаева.

Такси жүргі­зу­ші­сі қасиетті жұма күні жолаушыларға жеңіл­дік жасауды әдетке айналдырған. Тіп­ті, көпбалалы аналардың қиналып тұр­ға­нын көрсе, барар жеріне тегін апарып тас­тайды. Сонымен бірге немерелерін бала­бақ­ша мен мектепке де өзі тасиды екен.

Бүгінде «Такси апа» атанған кейіпкері­міз елімізге ғана емес, шетелге та­ны­мал бола бастаған. Бір қызығы, кейіп­кері­міз туралы еліміздегі журналистерден бұ­рын мәскеуліктер бірінші келіп, деректі фи­льм түсіріпті.

Дереккөз: Turkystan.kz