Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен халықты қабылдайтын пункт болады
Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлайтын 28 сейсмостанция орнатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев VIII шақырылған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясында. Оның айтуынша, ТЖ туындаған кезде зардап шеккен халықты қабылдайтын 545 пункт анықталды.
- Биыл тамызда Мемлекет басшысы Алматы қаласының ғимараттары мен құрылыстарының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шара қабылдауды тапсырды. Қазан айында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ және ҚР Сейсмология институты сейсмоаудитті бастап, соның аясында 3500 нысан тексерілді, - деді қала басшысы.
Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасады.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы Алматыда қанша мектеп қолданысқа беріледі