Алматыда 320 қоғамдық көлікте түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Алматыда 320 қоғамдық көлікте түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Полиция карантиндік шараларды сақтау және барынша сақтанып жүру керек екенін еске салады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полициясы маска режимін және қоғамдық көліктердегі әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша рейдтік шараларды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

«Осы рейдтер барысында барлығы 320 қоғамдық көлік тексерілді. Жүргізушілермен және жолаушылармен қоғамдық көлікте жүру кезінде карантин режимін сақтау туралы түсіндіру әңгімесі өткізілді. Осы бағыттардағы жолаушыларда медициналық бетперде болғанын атап өтемін. Сонымен қатар, әр ауданда алдын алу жұмыстарды күшейту үшін 16 арнайы топ құрылды. Олардың құрамына полиция қызметкерлері ғана емес, сондай-ақ, аудан әкімдіктерінің өкілдері де кірді: саябақтарда, алаңдарда және халық көп жиналатын жерлерде маска режимін сақтау рейдтерін өткізді. Бетпердесі болмаған адамдарға біз бетперде тараттық», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров.

Полиция карантиндік шараларды сақтау және қауіпсіздікке барынша көңіл бөлу керек екенін тағы да еске салады.

Новости партнеров