Танымал публицист, саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды
Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады6 деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
– Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
Оқи отырыңыз: Мемлекет және қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам дүниеден озды