Ішкі істер министрлігі патрульдік көліктің жаңа дизайнын көрсетті

27.09.2019 16:58

Ведомства мәліметінше, дизайнның өзгеруіне бюджеттен қосымша қаржы бөлінбейді

Машинаның алдыңғы екі есігінде «заңға қызмет етемін» деп жазылған патрульдік полицияның танымбелгісі жапсырылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ал, артқы қырында кезекші бөлім мен жедел басқару орталығының нөмірлері көрсетіледі. Патрульдердің борт нөмірлері көліктің артқы есіктеріне жазылған. Ведомства мәліметінше, дизайнның өзгеруіне бюджеттен қосымша қаржы бөлінбейді. Жаңарту жұмыстары автокөлік құралдарын пайдалануға бұрын бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады.