Конституция күні: ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталды

30.08.2024 16:58

ІІМ салтанатты іс-шара өтті

Polisia.kz

ІІМ ҚР Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәуелсіз еліміздің Ата заңы мерекесімен ведомство басшысы Ержан Саденов құттықтады.

 – Күнделікті қызметте әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтап, адамдардың заңды мүддесін қорғап жүрсіздер. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкеріне адал жұмысы мен кәсібилігі үшін шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да аталған міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін, – деді ІІМ Ержан Саденов.

Айтулы күні мінсіз қызметімен көзге түскен ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталды. Конституция – халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтатын егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепілі. Ал тәртіп сақшыларының міндеті – ел азаматтарының конституциялық құқығын қорғау.

Дереккөз: Polisia.kz