Қандай қызметтерге жұмыс жасауға рұқсат берілді

2gis.kz/almaty
2gis.kz/almaty
ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қаулы шығарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова №43 қаулысына өзгеріс еңгізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаулыны назарларыңызға ұсынамыз:

 - Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық  инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысының (бұдан әрі –  № 43 ҚРБМСД қаулысы) талаптарын сақтай отырып, толықтырылуын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр қамтамасыз етілген кезде рұқсат етуді;

 - толықтырылуын 30%-дан асымай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метрден қамтамасыз етіліп, ҚР МСМ №43 қаулысының талаптары сақталған кезде азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметіне рұқсат етуді;

- сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне бір келушіге кемінде 4 ш. м. қамтамасыз етіліп, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

- балалар түзету кабинеттерінің, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне топтың толықтырылуын 5 адамнан асырмай,  алдын ала жазылу бойынша, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары  сақталған кезде рұқсат етуді;

-мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне топтарды жинақтауды 15 адамнан асырмай, №43 ҚРБМСД  қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

-ашық ауада аттракциондар қызметіне №43 ҚРБМСД  қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

-фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының (бассейндерсіз) қызметіне алдын ала жазылу бойынша, толықтырылуын 50% - дан асырмай және бір келушіге кемінде  5 ш. м. қамтамасыз етіліп, №43 ҚРБМСД  қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

-моншалардың, сауналардың (бассейндерсіз) қызметіне толықтырылуын 50%-дан асырмай және бір келушіге кемінде  45 ш. м. қамтамасыз етіліп, №43 ҚРБМСД  қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

-ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (топта 5 адамнан асырмай)  рұқсат етуді;

-Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға  (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру) рұқсат етуді;

-№43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде қоғамдық көліктің жұмысына (пик сағаттарында автобустар санының артуы, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен өңдеу, барлық есіктердің ашылуы, отыратын орындар саны бойынша толықтырылуы) рұқсат етуді;

-жеке автокөліктің өңірлер арасында жүріп-тұруына рұқсат етуді;

          -мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде  рұқсат етуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалдырылады (штаттық кесте кезінде 30-дан астам қызметкер);

-аймақтарға бөлу талаптары және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде медициналық орталықтардың қызметіне (жазылу бойынша) рұқсат етуді;

-туризм объектілері мен халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) қызметіне толықтыруды  80%-дан асырмай, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде  рұқсате етуді;

-дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс), азық-түлік емес дүкендердің қызметіне №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

-ашық ауада және үй-жайда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 30-дан аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;  

-үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне; ашық ауадағы құрылыс жұмыстарына, ауыл және балық шаруашылығына, мал шаруашылығына №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

-халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалар) қызметіне № 43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;

-№ 43 ҚРБМСД қаулысының талаптарын сақтай отырып бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б. қызметтері), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысын ұйымдастыруды;

-№43 ҚРБМСД қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін деп белгілей отырып, ХҚКО-ның жұмысын ұйымдастыруды;

-№43 ҚРБМСД қаулысының талаптарын сақтай отырып, «Қазпочта» АҚ жұмысын уақыт бойынша шектеу және онлайн формтта барынша қызмет көрсету арқылы ұйымдастыруды;

-әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен аспайтын топтармен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға рұқсат етуді;

 -қоғамдық көліктерге, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

-Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат етуді;


Осы қаулы 2020 жылғы 17 тамызда 00 сағат 00 минутта күшіне енеді.

 


Новости партнеров