8 наурыз мерекесінің шығу тарихы қандай

bilim-all.kz
bilim-all.kz
Алғаш рет бұл мейрам 1911 жылдың 19 наурыз күні Австрия, Дания, Германия және Швецария елдерінде аталып өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін бүкіл әлем атап өтеді. Оның шығу тарихы сонау ХІХ ғасырдан басталады. Әйелдер қауымы асыға күтетін мейрамның тарихы қандай? 

Almaty.tv тілшісі оқырман назарына 8 наурыз мерекесінің тарихын ұсынады.

1857 жылы Нью-Йорк қаласында тігін шеберханасы мен аяқ киім фабрикасында жұмыс істейтін әйелдер көтеріліске шығады. Наразы топтың талабы: жұмыс уақытын 10 сағатқа қысқарту, жарық және құрғақ бөлмеде жұмыс істеу, ер азаматтармен бірдей жалақы алу.  

Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, болмашы жалақы алатын. Ерлер өздерінің табандылықтарының арқасында жұмыс уақытын 10 сағатқа түсірген болатын. АҚШ-тың сол кезде кәсіподақ ұйымдары құрыла бастаған. Ал 1857 жылдың 8 наурызынан кейін әйелдер қауымының да кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл ұйымның бірінші мүшесі болып әйелдер тіркелді.

Дәл осы күні АҚШ-тың басқа қаласында да әйелдер наразылыққа шығады. Олар дауыс беру құқығын беруді талап етеді.

1910 жылы Копенгаген қаласында өткен Халықаралық социалист әйелдердің конференциясында Клара Цеткин 8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынды. Әрі өз құқықтары мен теңдіктері үшін күресуге шақыратын үндеуін оқыды.

Бұл үндеу дүнижүзінің көптеген елінің әйелдерінен қолдау тапты. Олар тек өз құқықтары үшін күресуді ғана емес кедейшілікке, еңбек ету құқығымен ар-намыстың тапталмауына және де бейбітшілік үшін күресетіндерін білдірді.

Алғаш рет бұл мейрам 1911 жылдың  19 наурыз күні Австрия, Дания, Германия және Швецария елдерінде аталып өтті. Дауыс беру құқығымен үлкен лауазымды орындарды иеленумен қатар әйелдер өндірісте ерлермен бірдей құқыққа қол жеткізді. 1912 жылы бұл мереке 12 мамырда тойланды.

Билікке Кеңес Одағы келісімімен 8 наурыз мерекесін мемлекеттік мереке ретінде қабылдады. 1965 жылдан бастап бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленді.

Кеңес Одағы тараған соң да бұл мереке ТМД елдерінде аталып өтіледі. Қазақстанда,  Азербайжанда, Грузияда, Қырғыстанда, Молдовияда, Тәжікістанда, Түрікменстанда, Украинада, Беларусияда Халықаралық әйелдер күні болып тойланса,  Өзбекстанда "Аналар күні", Арменияда "Сұлулық пен аналар" күні ретінде 7 сәуір күні тойланады.

Қорыта айтқанда, бұл мерекені тойлау, тойламау әркімнің өз еркінде. "Әйел" атаулыға сыйлық сыйлап, көңілдерін қуанту үшін бір күннің болуы міндетті емес.

Новости партнеров