Атырауда бір аптада 9 жасөспірім жоғалып кеткен

03.09.2021 в 16:59

102 операторына жасөспірімдердің тұрғылықты мекенжайынан хабар-ошарсыз кеткені туралы 9 шағым түскен

Атырауда бір аптада 9 жасөспірім жоғалып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 102 операторына жасөспірімдердің тұрғылықты мекенжайынан хабар-ошарсыз кеткені туралы 9 шағым түскен.

«Полицияға хабар берген туыстарының айтуынша, жасөспірімдер белгісіз бағытқа шығып кеткеннен үйіне оралмаған. Мәселен, 1 қыркүйекте сағат 16:09 шамасында 33 жастағы әйел «Тұрғын үй қалашығы» аялдамасы орналасқан көшеде 7 жасар қызын жоғалтып алған. Полиция қызметкерлері аталған деректерге қатысты жоғалған жасөспірімдерді 2-3 сағатта тауып, ата-аналарына табыстады», – дейді облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бір аптада хабар-ошарсыз кеткен 12 бала табылып, үйлеріне қайтарылғанын жазған болатынбыз.