Бұл туралы Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз мәлімдеді
Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз өткен аптадағы криминогендік жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бір апта ішінде 3 267 қылмыс жасалды. Оның 2 201-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 8 кісі өлтіру қылмысын, 4 арты өлімге әкеп соққан қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 25 тонау және 504 бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын ашты», – деді ол Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингінде.