Қазақстан әйелдер қауіпсізігі жағынан 43-орында тұр

21.11.2019 16:59

Рейтингтің үздік бестігін Норвегия бастайды

Рейтинг 167 елдің арасында және 3 критерилер бойынша жасалыпты. Онда Біріккен Араб Әмірліктері және Ямайка орналасқан біздің елден кейінгі орында, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осы рейтингтің үздік бестігі анықталып, бірінші орынды Норвегия иеленді. Кейін Швейцария, Финляндия, Дания мен Исландия кірген.

Рейтингтің соңғы үш орны Сирия, Ауғанстан мен Йеменге берілді. Бұл елдерде нәзік жандылардың өмір сүруіне ыңғайсыз екен. Ақпараттар Ранкинг.кз порталынан алынды.