Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келді
Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен ер адам құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Темірбаев көшесінде болған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келді.
«Тәуелсіздік көшесінде салынып жатқан үйдің жанында ер адамның мәйітін анықтау фактісі бойынша полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Алматыда қыз тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлап кетті