Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшеді

04.06.2019 17:20

7-12 маусым аралығында сайлауға байланысты полиция қызметі түгел күшейтілген режимде жұмыс істейді

фото из открытых источников

Үкіметте ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сайлау алдында полицейлердің күшейтілген қызмет режиміне көшетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Нұр-Сұлтанда ғана емес, бүкіл ел бойынша қауіпсіздік шарасы ретінде 6 маусымға дейін «Құқық тәртібі» операциясы жүргізіледі. Сосын 7 маусымда бүкіл полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді, өйткені елде сайлау өтеді», – деді ол.

Министр бұл шаралар қоғамдық қауіпсіздік үшін қабылданғанын жеткізді.

«Бұл біреуден қорғану үшін емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. 8-і  тыныштық күні, үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынады, 9-ы сайлау, барлық жерлерде полиция патрульдері жұмыс істейді. 21 мыңнан астам полицей жұмысқа шығады», – деп атап өтті Тұрғымбаев.