Себебі газ орнатқан көліктердің жарылу деректері жиілеп кеткен
Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай шара қауіпсіздік мақсатында қабылданды. Себебі соңғы кезде газ орнатқан көліктердің жарылу деректері жиілеп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алайда Қазақстан Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоковтың айтуынша бұл тыйым жан-жақты ойластырылмаған. Себебі, көліктің сыртынан қарап газбен немесе бензинмен жүретінін ажырату қиын.
«Бұған дейін шын мәнісінде бұл мәселеге ешкім бас ауыртпады. Енді тыйым салып отыр. Енді сұрақ туады. Паркинге кіріп бара жатқан көліктің газбен жүретінін қалай анықтайды? Сыртынан ажырату мүмкін емес. Арнайы жапсырма қағазы жоқ. Сонда әрбір тұраққа кірген көлікті иіскеп отыра ма? Осы жағы ойластырылмаған секілді», – дейді Қазақстан Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард ЭДОКОВ.
Естеріңізде болса, бірер жыл бұрын билік өкілдері көлік қозғалтқышының бензин емес, газбен жұмыс істеуі экологияға келетін зиянды азайтады дегенді алға тартқан еді. Осыдан кейін жүргізушілердің көбі көлігіне газ орнатты. Алайда, 2019 жылы газбен жүретін көліктердің өртке қауіпті екені ескеріліп, оларды тұрғын үйлердің астындағы және ойын-сауық орталықтарындағы жылы автотұрақтарға кіргізуге тыйым салынды. Заң 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.