Алматыда 30 мамырдан бастап діни ғимараттар өз жұмысын бастайды

29.05.2020 20:47

Діни нысандар жұмысына қойылатын басты талап – ұжымдық іс-шаралар өткізуге шектеу қойылады

informburo.kz

30 мамырдан  бастап Алматыдағы мешіттер жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алайда Алла үйінде санитарлық талаптар толығымен сақталуы тиіс. Мешітте жамағатпен бес уақыт намаз, жұма намазы оқылмайды. Тек, 1 жарым метр қашықтықта жеке құлшылық етуге рұқсат берілген. Алматының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бекіткен қаулы бойынша, мешіт қызметкерлерінің күн сайын дене қызуы арнайы құрылғымен тексеріліп отырады. 

Респираторлық инфекцияның кез келген белгілері бар діни қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Қызметкерлер мен мешітке келушілерге маска киюі міндетті. Діни-жоралғыға қатысушылардың саны 30 адамнан аспауы керек. Келушінің уақыты шектеулі: 15-20 минутқа дейін. Одан артық ғимаратта болмаған абзал.