ҰҚШҰ бірлескен бітімгер контингенті екі күннен кейін елден шығарыла бастайды – Тоқаев

Фото: 24 Канал
Фото: 24 Канал
Қазақстан Президенті еліміздің барлық өңірінде ахуал тұрақты екенін, сондықтан контртеррористік операцияның негізгі фазасы аяқталғанын жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҰҚШҰ-ның бітімгер күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды. Сондықтан ҰҚШҰ әскері 10 күннің ішінде Қазақстан аумағынан толығымен шығады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстан Президенті еліміздің барлық өңірінде ахуал тұрақты екенін, сондықтан контртеррористік операцияның негізгі фазасы аяқталғанын жеткізді.

«Осыған байланысты ҰҚШҰ-ның бітімгер күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды деп мәлімдеймін. Екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгер контингентін кезең-кезеңмен шығару басталады. Контингентті шығару процесі 10 күннен аспайды», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетсек, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. Талқылау барысында Мәжіліс депутаттары Президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап, Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болып тағайындалуына келісім берді.

Новости партнеров