Қала әкімі Б.Сағынтаев түрғындармен өткен есептік кездесуде мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде Алматы балабақшаларындағы орын тапшылығы 918 мыңды құрайды.
Адамдардың көпшілігі өз балаларын мемлекеттік балабақшаға беруді қалайды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша негізгі төлем жабылады. Алайда қосымша білімге, бүгінде ата-аналар ақы төлеп отырған секциялар мен үйірмелерге қолжетімділікті арттыру қажет.
Осыған байланысты әкімдік қосымша білім беру бойынша шығынды өзіне алуға ұсыныс білдірді. Рұқсат берген жағдайда бұл мақсатқа 3 млрд. теңге бөлінеді деп күтілуде.
«Біз жекеменшік балабақшалардағы қосымша қызметтерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жасай аламыз. Бұл мемлекеттік балабақша, жекеменшік балабақша деп таңдамай-ақ, төлемнің барлық жерде бірдей болуына мүмкіндік береді», — деді әкім.
Бұл жекеменшік балабақшаларды 100%-ға толтыруға жағдай туғызады. Қазір толық жүктелмеген және жаңаларын ашуға елеулі серпін берілді.
Жаңа шешімдер, мектепке дейінгі білім беру орындарының жетіспеушілігін шешуге мүмкіндік береді.
Одан өзге балабақшаларға кезектілікті төмендету мақсатында 790 орынға арналған 5 мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымның құрылысы аяқалуда. Атап айтқанда, Алатау ауданында 120 орынға, Бостандық ауданында 120 орын, Алмалы ауданында 120 орын, Түрксіб ауданында 280, оның ішінде біреуі әлеуметтік жауапкершілік бизнесі аясында, ал Бостандық ауданында 150 орынға арналған балабақшалар. Қорытындысында 3,1 мың орынға салынған 11 мемлекеттік балабақша кезекті 23 мың орынға азайтуына мүмкіндік береді.
Көпбалалы отбасыларды қолдауға жеке назар аударылды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасылардың балаларын мектеп жанындағы үйірмелермен тегін қамтамасыз ету үшін заңнамалық өзгерістер әзірленді. Алматы әкімдігі жекеменшік балабақшалардағы қосымша секциялар мен үйірмелерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс береді.