Бір аптада елімізде 3351 қылмыс жасалды

15.03.2021 в 17:01

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті

Өткен аптада еліміздің аумағында 3 351 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бір апта ішінде 3351 қылмыс жасалды, оның 2254-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 14 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 4 қарақшылық, 40 тонау және 509 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты»,– деді ресми өкіл министрлік ұйымдастырған онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, полицейлер Атырау облысында мұз астына түсіп кеткен екі жасөспірімді құтқарған, ал Павлодар облысында – шатырдан секірмек болған жігіт құтқарылды.