ҚР Үкіметі 2022 жылғы 22 шілдедегі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілеттіктеріне өзгерістер енгізетін қаулыға қол қойды
ҚР Үкіметі 2022 жылғы 22 шілдедегі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілеттіктеріне өзгерістер енгізетін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Енгізілген түзетулерге сәйкес Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жаңа өкілеттіктер алады. Оның ішінде мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді бұғаттау да бар.
Осылайша онлайн платформа немесе жедел хабар алмасу қызметін пайдаланушылар саны туралы ақпаратты тексеру үшін министрлік онлайн-платформадан немесе жедел хабар алмасу қызметінен тәуліктік пайдаланушылар саны туралы ақпаратты сұрай алатын болады. Егер онлайн платформа немесе жедел хабар алмасу қызметі интернеттегі ақпараттық ресурсты пайдаланушылар санын анықтауға арналған бағдарламаны орнатпайтын болса, онда министрлік өз ресурсын пайдаланып, пайдаланушылар санын анықтай алады.
Бұдан өзге министрліктің өкілеттіктері:
Қаулы бірнеше тармақтарды санамағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.