«Әй, дарақылық-ай!»: журналист тойханаға жылқы кіргізгендерге наразы (ВИДЕО)

06.11.2019 17:02

Ал видеодан тойхана ішінде жүрген тұлпар тұяғының тайғанақтап қайта-қайта құлағанын көруге болады

Қазақстандық тележурналист Жарас Ниязбек тойханаға жылқы кіргізген жұртты сынның астына алды. Ол кей қазақтың «дарақылығына» ренжулі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тілші видеоны өз Instagram парақшасына жүктеді.

«Әй, дарақылық-ай! Қайтер екен? Жылқыға обал ғой. Не енді мынау?», - деп жазды ол.

Ал видеодан тойхана ішінде жүрген төрт түліктің бірі қайта-қайта құлап жатқанын аңғаруға болады. Журналистің өзі жылқының 100 рет жүлде алғанын пікірге жазып қалдырған.

Бейнежазбаны көрген көпшілік тек теріс пікірлер жазып қалдырған.

«Аяғы сырғанап жатыр ғой», «Байғұс жылқы-ай», «Жылқыны солай қинаған обал», «Әйтеуір біздің қазақ мақтанудан, ысырапшылдықтан жалықпас», «Қайтеміз енді, обал-ақ» деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Теги: жылқы