Еліміздің Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, елге келген шетелдіктерді тіркеу тәртібін жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңда қабылдаушы тарап көші-қон қызметін шетелдік қонақтың келгені жөнінде ол елге келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс.
Бүгінгі күні шетелдіктің Қазақстанда болуы туралы хабарлау рәсімі барынша жеңілдетілген. Көші-қон қызметінің бөлімдеріне баруды талап етпейді. Визалық-көші-қон порталына кіріп, шетелдік туралы және қажет болған жағдайда оның балалары туралы мәліметтерді толтыруы керек. Толтырылған өтінім нысанына Электронды цифрлы қолтаңба көмегімен қол қойып, жеке кабинетте сақталатын дайын құжатты алса болғаны.