Мамандар коронавирус смартфон бетінде қанша уақыт өмір сүре алатынын айтты

12.10.2020 17:03

Ең қауіптісі әйнектер болып шыққан, оған қоса смартфон экрандары, банкнота, сондай-ақ тот баспайтын болаттан жасалған бұйымдар да бар

iz.ru

Аустралияның ауруларға дайындық орталығының мамандары коронавирус инфекциясы ақша, металл ұстағыштар мен ұялы телефонның бетінде қанша уақыт өмір сүре алатынын айтты. Зерттеу нәтижесі Virology Journal-да жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Мамандар коронавирус үй температурасы кезінде тегіс жерлерде 28 күн тұра алатынын айтты.

Ең қауіптісі әйнектер болып шыққан, оған қоса смартфон экрандары, банкнота, сондай-ақ тот баспайтын болаттан жасалған бұйымдар да бар.

Бұл заттарда коронавирус +20 градуста бір айға жуық, +30 градуста үш аптадай, ал +40 градуста бірнеше тәулік қана өмір сүре алады.