Мұғалімнің өзі де видеоға пікір жазып, алғысын білдірген
Әлеуметтік желіде ұстазын ұзатуы күні құттықтап барған 2-сынып оқушыларының видеосы тарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Оқушылары апайының тойына тосынсый жасап барды", - делінген видеода.
Мұғалімнің өзі де видеоға пікір жазып, алғысын білдірген.
"Ең керемет ата-аналар мен оқушылар менде ғана бар шүкір", - деген ол.
Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі парақшасында оқушыларының келуі күтпеген тосынсый болғанын жеткізген. Тіпті оқушылар ұстазына арнап ән де орындаған.
"Мен күтпеген тосын сый. Ең әуелі Аллаға шүкір деп бастағым келеді. Мен 2020 жылдан бастап бастауыш класс мұғалімі болып жұмыс жасадым. Өте керемет ұжым. 2021 жылы маған 1 "Г" класы берілген болатын. Ата-аналарыммен де, балапандарыммен де бірігіп көптеген жұмыстарды жасадық. Ата-аналарым өте белсенді болды шүкір. Қай-қай жағынанда қолдай өте күшті болды. Мен тұрмысқа шығамын дегеннен бастап бір-бірімізді қимадық, жылап та алдық талай рет. 2 жыл аз уақыт емес. Сол уақыттыі ішінде балапандарыңызды маған сеніп тапсырғандарыңызға алғысым шексіз. Сіздердей қолдаушылары бар оқушыларымның болашақта үлкен белестерді бағындыратынына сенімім мол, сенемін де. Әр оқушымның орны мен үшін бір төбе. Керемет тосын сыйды ұйымдастырып, өлеңнің сөзін жазып, оқушыларыма орындатқан ата-аналарыма, оқушыларыма алғысым шексіз", - деп жазған мұғалім.
Желі қолданушылары жылы көрініске жақсы лебіздерін жазған.
"Жан-тәнімен өз ісін жақсы көретін ұстаз шығар. Балалар қатты құрметтеп жатыр. Қандай керемет сезім. Осындай ұстаздар көп болса екен. Адамның жақсысын ит пен бала біледі деген рас шығар", "Мен неге жылап отырмын", "Керемет көрініс. Ұстазына деген құрмет. Бақытты болыңыз. Балапандар тек биік шыңнан көрінсін, "Күшті, өзіңіз сол жақсылыққа лайықты болғаныңыз, құтты болсын, бақытты болыңыздар", "Қандай құрмет, керемет, балалардың ақ көңілі", - дейді олар.