Облыстың штаттан тыс бас травматологы және аталған аурухана басшыларының қатысуымен арнайы консилиум өткізілді
«Ел ырысы» базарында мал союға арналған орында газ баллонының жарылуы салдарынан жансақтау бөлімінде жатқандар саны 4 адамға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен нақтылағанындай, қазіргі кезде денесін күйік шалған 3 ер адам қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімшесінде ем алып жатыр.
«Тағы 4 ер адам политравма бөлімшесінде жатыр. Соның ішінде бұдан бұрын ауруханаға жатудан бас тартқан бір адам қайтып келді. Сонымен қатар облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген жасөспірімнің біреуі жансақтау бөлімінде, екіншісі политравма бөлімшесінде жатыр. Облыстың штаттан тыс бас травматологы және аталған аурухана басшыларының қатысуымен арнайы консилиум өткізілді. Сондай-ақ Астана және Алматы қалалары апаттар медицинасы орталығы реаниматологтарымен және комбустиологтарымен бірлескен телемедицина жүргізілді. Емдеу тактикасы келісілді», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда мал соятын орында газ баллоны жарылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Орал базарындағы жарылыс салдарынан бір адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқи отырыңыз: Антикор «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорын ұстады