Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

10.06.2024 17:03

Аталған факт бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу амалдары басталды

Almaty.tv

Алматы облысында жол апат салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv 

Қайғылы жағдай Алматы-Өскемен тас жолының 55-шақырымында болды. Жеңіл көлік жүргізушісі рөлді игере алмай, жол жиегінен шығып кетіп, ағашқа соғылған. Салдарынан темір тұлпарды тізгіндеуші мен төрт жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Ал аман қалған 12 жастағы ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілген. Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

– 9 маусымда сағат 20:15-те Nissan Primera диаметрі 40 сантиметр болатын ағашқа соғылды. Салдарынан автокөлік екіге бөлініп, ішінде болған 4 ер адам мен бір әйел көз жұмды. Жүргізушілерге жолда абай болуды ескертеміз, – деді Қонаев қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қозыбақов.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында 14 және 3 жасар қызды көлік қағып, мерт қылды