Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың тұтқындалғаны туралы ақпарат жалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды деген жаңалық желіге тарап кеткен болатын. Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жүкел Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпаратты полициядан түсіндіріп беруін сұрады. Ол өзінің Мәнізоровтың іс-сапарда екенін айтып, құзырлы органдарға хат жолданғанын жеткізді.