Марқұмның күйеуі де «әйеліңмен молда көңіл жарастырған» деген әңгімені бұрын естіген
Алматы облысының Қайнарлы ауылында болған жайт ел аузында қызу талқыда. Оқиғадан ауыл тұрғындары әлі ес жия алмай отыр. Ал, имамның өзі кінәсін мойындамайды. «Бар жазығым - марқұмды шын сүйгенімде» дейді, деп хабарлайды Stan.kz.
Молда Қадір Әмбияның айтуынша, ол марқұм әйелмен 5 жылдан бері қатынаста болған.
«Марқұм әйел маған тұрмысқа шығу үшін күйеуінен 3 рет талақ сұрады. Оны күйеуінің қарындасы да біледі. Менің кінәм жоқ. Бар жазығым - оны шын сүйгенімде. Оған есім кете ғашық болдым», - дейді молда.
Ал, марқұмның күйеуі ауыл тұрғындары арасында «әйеліңмен молда көңіл жарастырған» деген әңгімені бұрындары да естіген.
«Ауылға келсем, ел аузында сондай әңгіме жүр. Сосын имамның қандай екенін білсін деп әдейі ғаламторға жарияладым. Ал, әйелім екеуінің арасында мәжбүрлік па, басқа ма ол жағын білмеймін», - дейді Есхат Әйнекбекұлы.
Ауыл тұрғындары имамның жазаланғанын қалайды. Егер жазасыз қалса, ауыл болып көтерілетіндерін айтуда.
Естеріңізге сала кетейік, имамнан қорлық көрген әйелдің күйеуі Есхат Әйнекбекұлы болған жағдайды баяндап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа, ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдаулетке видео жолдағаны туралы айтқан едік. Өзгенің әйелін төсекке итермеледі деп айыпталған молда мән-жайды айтты.